Оң баға – бірліктің жемісі

274

0

Облыс әкімі  Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен аймаққа арнайы келген ҚР Премьер-министрі Олжас Абайұлы Бектеновтің жұмыс сапарының қорытындылары туралы айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен кеше облысқа Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов арнайы жұмыс сапармен келіп, аймағымыз үшін ауқымды, тарихи маңызды жобалардың бірі «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын салтанатты түрде ашты. Жеке инвестор, жерлесіміз «Болат Өтемұратов қорының» демеушілігімен салынған заманауи үлгідегі жаңа терминалда жолаушыларға барлық жағдай қарастырылған. Жаңа терминал сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетуге, сауда-логистикалық әлеуетті дамытуға және жаңа рейстер ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Қызылорда қаласы және «Бесарық» ауылындағы бірқатар жаңа ны­сандармен танысты. Сапар қоры­тындысында аймағымызда атқарыл­ған ауқымды жұмыстарға оң ба­ғасын берді. Бұл баға барша жер­лестеріміздің бірлігі мен тату тір­лігінің жемісі деп білемін. Прези­дентіміздің Сыр өңіріне деген ерекше қамқорлығы жаңа бастамаларға жол ашты.

Үкіметтік делегацияның өңір­ге жұмыс сапарын жоғары дең­гейде ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан барша әріптестеріме, зиялы қауымға, БАҚ өкілдеріне, кәсіпкерлер қауымына, «Қорқыт Ата» әуежайының» ұжымына, Қы­зылорда қаласы мен Сырдария ауданы әкімдіктеріне шынайы риза­шылығымды білдіріп, алғысымды жеткіземін, – деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

– Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін профилактикалық іс-шараларды тиянақты ұйымдас­тырыңыздар. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи газды қауіпсіз пайдалану, оның ішінде түтін жолдары мен ауа-желдеткіш каналдарын уақытылы тазалау және жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіңіздер.

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен берілетін тегін дәрі-дәрмектің тұрғындарға толық жеткізілуін қадағалап, тоқсан сайын есебін жүргізіңіздер. Өңірдегі емдеу мекемелерінде госпитальды фар­мация бөлімдерін ашу мәселесін жан-жақты зерделеп, ұсыныс беріңіздер, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<