Оңалту емін қайдан алуға болады?

1278

0

COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен медициналық оңалту қызметтері қол жетімді. Постковидті қалпына келтіру емін сіз елдің кез-келген жеке клиникасынан да ала аласыз.

Қауіпті вирустың алғашқы белгілері пайда болған кезде қызылордалық Ғайни Сағымбаева бірден медициналық көмекке жүгінді. 50 жастағы әйелге емхана дәрігерлері COVID-19 вирусы анықтап және қосымша астма диагнозын қойды. Науқас ауруханада емделгеннен кейін Қызылорда қаласындағы «Q-med» клиникасында коронавирустан кейінгі оңалтуға жолданған.

«Менде кеуде жағымда сколиоз болғандықтан, 3 топтағы мүгедектікке жатамын, соған байланысты МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын. Бұрын армандаған еліміздің жеке клиникаларында медициналық оңалтудың заманауи қызметтері қолжетімді болғанына өте қуаныштымын. Қазір денсаулық жағдайым жақсы. Клиниканың сыпайы және кәсіби қызметкерлерінің қамқорлықтары үшін рақмет! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғап жүріңіз!» – дейді Ғайни Сағымбаева.

Медициналық оңалту барысында науқастар кинезотерапия, механотерапия, тыныс алу гимнастикасы, емдік дене шынықтыру, аппараттық массаж, фитобочка, емдік ванна, аэрозольотерапия, лазерлік және магниттік терапия және басқалар сияқты медициналық қызметтерді ала алады. Күндізгі және тәулік бойы стационарларда емдеу мерзімдері 10-15 күн аралығында болады.

Клиниканың бас дәрігері Сымбат Жанұзақованың айтуынша, коронавирустан кейінгі оналтудан өту үшін жергілікті дәрігерге жүгіну қажет, ол реабилитолог дәрігерге немесе мамандардың көп салалы тобымен кеңес алуға жолдама береді.

Айтпақшы, «Q-med» – те МӘМС қаражаты есебінен медициналық оналту қызметтерің облыс тұрғындары ғана емес, басқа да өңірлердің тұрғындары ала алады. 2021 жылы клиника 600-ден астам науқасқа қалпына келтіру оңалту қызметін көрсетті. Бұл мақсатқа медициналық сақтандыру қорынан 93,4 млн теңге бөлінді.  

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты

ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<