Оңтүстік Корея коронавирусты жеңген соң конституциясын өзгертеді

906

0

Оңтүстік Кореяның конституциясы уақыт талабына сай емес және жыл соңына дейін реформалануы керек. Бұл іс коронавирус пандемиясынан өткеннен кейін қолға алынады. Бұл туралы парламент спикері Пак Бек Сон мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Спикер бұл мәлімдемені елдің Конституция күніне орай өткен салтанатты жиында айтты. Биыл Корея Республикасының конституциясына 72 жыл толды.

Ол «азаматтарды өзгерістер ағымынан қорғау және болашаққа жол ашу» үшін заңдарға өзгеріс енгізу керегін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<