Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы

1008

0

Республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жыл­ғы 7 шілдедегі Заңының 24-бабының 1-тармағына, «Рес­публикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі №943 қаулысына және Рес­пуб­ликалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағын кеңейту үшін жер учас­келерін резервте қалдыру туралы тексеру нәтижелерінің 2019 жылғы 18 маусымдағы №1 актісіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қо­сым­шасына сәйкес Қы­зыл­орда облысының Жалағаш, Жаңа­қорған, Қар­мақшы, Сыр­дария, Шиелі аудан­дарында Респуб­ликалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мем­ле­кеттік қорық аймағын кеңейту үшін жер учаскелерінің шека­расы, орналасу схемасы мен экспли­кациясы бойынша жалпы көлемі 2073484,2 гектар жер учаскелері жер пайда­лану­шылардан алып қоймай 10 жыл мерзімге ре­зервте қалдырылсын.
  2. Осы қаулының 2-қосым­шасына сәйкес Республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағын кеңейту үшін Қызылорда облы­сының Жалағаш, Жаңа­қорған, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында резервте қал­дырылатын жер учаскелері­нің пайдалану құқығына шек­теу­лер (ауыртпалықтар) белгiленсін.
  3. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма­сы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақ­­стан Республикасы Эко­­логия, геология және таби­ғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жа­нуар­лар дүниесі комитетінің Қы­зылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) және Жалағаш, Жаңақорған, Қар­мақшы, Сырдария, Шиелі аудан­дарының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орын­далуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда
облысының әкімі
Г.Әбдіқалықова

«КЕЛІСІЛДІ»


«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

«КЕЛІСІЛДІ»


«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

«КЕЛІСІЛДІ»


«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология депар­таменті» республикалық мемлекеттік мекемесі


«КЕЛІСІЛДІ»


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­пора­циясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызыл­орда облысы бойынша филиалы

«КЕЛІСІЛДІ»


«Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Қаулы жобасының қосымшасы
https://kyzylorda-news.kz ақпараттық порталында жарияланды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<