Облыстық білім басқармасы, республикалық «Ұлттық құндылықтар академиясының» өңірлік орталығы, ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығында тағылымға толы іс-шара өтті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Тәуелсіздік – ел бақыты» онкүндігі аясында ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсатында «Әбіш Кекілбайұлының шығармаларындағы қазақ әйелінің бейнесі» тақырыбында ой-қазына алаңы өтті.
Ондағы мақсат – білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы таным дүниесін кеңейту және интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
«Әбіш Кекілбаев шығармалары» тақырыбындағы бейнероликте қазақ әйелдерінің қайсарлығы, ибалылығы, адамгершілігі, ақыл-парасаты, сұлулығы дәріптелді. Қорқыт ата атындағы университеттің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Айтбаева, тіл мамандары, кітапханашылар мен білім алушылар қатысты.
Іс-шара барысында оқырмандар ұтымды ойларымен, сөздік қорының байлығымен және ой ұшқырлығымен көзге түсті. Соңында белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<