Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі

122

0

Бүгінгі күні ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын, салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілдендіруді жетілдірілуге байланысты  өзгерістер де күн санап дамып келеді. Сондықтан да салық төлеуші субъектілерге қойылатын талаптарға байланысты бірқатар өзгерістер тәжірибеге енгізілуде. Соның бірі – сауда орындарында автоматты түрде мәліметтер беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасын орнату болып табылады. Бұл талап – салықтан жалтаруға жол бермейтін және салықтық есептілік проблемаларын дер кезінде жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін тиімді механизм.

Бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібі Салық кодексінің 165-169 баптарында айқындалған.

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар.

Осылайша, ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде барлық салық төлеушілер БКМ қолдануға міндетті.

БКМ қолданудан Мына тұлғалар босатылған:
1) жеке тұлғалар;
2) жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер;
6) екінші деңгейдегі банктер;
7)діни бірлестіктері;
8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары;
9) арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер.

Тағы да бір айта кететін жағдай, бақылау-кассалық машиналарын орнату мәселесіне немқұрайды қарауға болмайды. Олай дейтініміз, кез-келген заң талаптары оны орындамаған жағдайда құқықтық шаралар қолдануды назардан тыс қалдырмайды. Себебі, заң – баршаға ортақ. Ал оны орындауға әркім  міндетті. Сондықтан да автоматты түрде мәлімет беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын орнатпау, тіркемеу және тиісті талаппен дұрыс жұмыс істетпеу фактілері орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 284 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын да еске сала кеткен артық болмас.

БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс. Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, БКМ модельдерін БКМ-нің мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) Қағидасының 3 – қосымшасына сәйкес БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар: «30.БКМ Салық кодексінің 166 – бабының 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс».

Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар, яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие екенін мәлімдейміз.

Осыған орай, салық төлеушілер арасында бақылау – касса машиналарының мемлекеттік тілде түбіртек беру тәртібіне шақырамыз.

Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<