Облыстық ішкі саясат басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында Қызылорда қаласында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен белсенділеріне арналған онлайн оқыту семинары өткізілді.
Айта кетерлігі, мұндай онлайн жиын Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында да ұйымдастырылды.
Шарада ҮЕҰ-дардың жетекшілеріне «Үкіметтік емес ұйымдардың деректер қорына тіркелуі» және «ҮЕҰ-дың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа түсу жолдары» туралы ақпараттар кеңінен түсіндірілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<