Онлайн алу оңай

311

0

Онлайн алу оңайДостар, егер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу не банктен баспанаға қатысты қызметтерді алу үшін жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама алу қажет болса, оны онлайн алудың жолын оқып, ойға тоқи жүріңіз.
Тұрғындар арасында сұранысқа ие анықтаманы egov.kz порталы, egovkzbot 2.0 телеграм-боты және FB мен VK мэссенджерлері арқылы алуға болады.
Ол үшін электронды үкімет порталынан немесе боттан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiгінің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» қызметін таңдайсыз.
ЭЦҚ-мен онлайн сұрау жасап, анықтаманың кім үшін қажет екенін белгілейсіз.
Аймақты таңдайсыз.
Дайын анықтама сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі!

Гүлмира МОЛДАҚОЖАЕВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» 

мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ 

Қызылорда облысы бойынша филиалы – 

Халыққа қызмет көрсету орталығы 

Қызылорда қалалық №1 бөлімінің маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<