Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен онлайн-театр, онлайн-концерт және және онлайн-дәрістер өтеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, сағат 13-00-де ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлфида Гафурова «Болат Аюхановтың балет қойылымдарындағы қазақ композиторларының музыкасы», сағат 14-00-де ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Ерішұлы «Армрестлинг және гір спортының дамуы», сағат 17-00-де ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы «Қазақ әдебиетіндегі жылқы» тақырыбында онлайн-дәріс оқиды.
Ал сағат 18-00-де ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбаймен «Елімізде ұлттық спорт түрлерінің дамуы тақырыбында» сұхбат болады. Сағат 20-00-де Берлин мемлекеттік балетінің прима-балеринасы Яна Саленконың өнерін «Онлайн-театр» жобасы аясында тамашалай аласыздар. Ал сағат 21-00-де «Карантиндегі жұлдыз»жобасы аясында Әлішер Кәрімовтың онлайн-концерті өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<