Онлайн-жарнаманы үйрететін әлеуметтік желілердің тегін курстары

983

0

Онлайн-жарнаманы үйрететін әлеуметтік желілердің тегін курстары Қазір ең танымал әлеуметтік желілердің нұсқаулығымен қоса онлайн-жарнамаға арналған өз курстары бар. SMM маманы Павел Гуров сондай жеке курстарды топтастырды. 
Instagram/Facebook Холдингтің Blueprint онлайн-университетінде инстаграм-парақша монетизациясы, жарнама кабинеті, аккаунтты жүргізу, креатив және стратегия деген салаларға арналған жүзден аса видеокурс бар. Курстың барлығы тегін, ал халықаралық сертификат берілетін емтихан тапсыру құны – 150$. Курстарды холдинг қызметкерлері мен серіктестері жасаған. Бонус: инстаграм-жарнамаға арналған интерактив оқулық: business.instagram.com/advertising
YouTube 50 сағаттық тегін материалдард YouTube-арнаны дамытудың жолдарын, қызық видео түсіруді, аналитикамен жұмыс істеуді және арна арқылы ақша табуды үйретеді.
Google 
Google-дың топ-менеджерлері дайындаған он видеокурсында Google Maps, Android, Google Ads, Google Analytics құралдарын маркетингте қалай пайдалануға болатынын үйренуге болады. Оқу тегін. Барлық тесттегі нәтижеңіз 80%-тен төмен болмаса, сертификат беріледі.
Twitter 
Twitter дайындаған 9 мини-курс көмегімен бұл желінің кәсіби маманы атанып, күрделі видеоформаттар мен жарнама механикаларын меңгеруге болады. Оқу тегін. Бірінші мүмкіндіктен емтиханды сәтті тапсырған жағдайда сертификат беріледі.
 VK/Mail.ru target.my.com/pro/education/online-course – Mail.ru платформасында жарнама жасауды үйрететін интерактив оқулықтар. vk.com/biz/academy – VK-дағы контент пен жарнамаға арналған 53 видеосабақ.
Pinterest 
Pinterest-тің интерактив оқулығында желінің бизнес-функциялары туралы айтылған.
Snapchat
 210 миллион қолданушысы бар әлеуметтік желінің 9 интерактив курсында аккаунтты дамытудың тәсілдерін үйретеді. Курс соңында тест тапсырып сертификат алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<