Ономастика мәселелері талқыланды

396

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты семинар өтті.

Шараға қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, жарнама агенттіктерінің өкілдері, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинарда ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау жұмыстары барысында орын алып отырған кемшіліктер кеңінен сөз болып, оны шешу жолдары ұсынылды. Жиын соңында жергілікті органдарға ономастика саласындағы жұмыстарды жетілдіру, көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<