Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Жұмабек Қаңтарбаевтың «Сыр еліне тағзым» атты ән кеші аясында өңірімізге келген белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Шымкент опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызымен кездесті.
Кездесуде өңірлер арасындағы мәдени байланысты арттыру және өнер саласында шығармашылық туындыларды насихаттау бағытында бірлескен жобалар туралы пікірлесті.
Өнер қайраткері бірлесіп жұмыс жасауға қызығушылық білдіріп, ізгілік пен парасаттылықтың үлгісі атанған «Домалақ ана» образын ашатын жаңа опера туындысын Сыр елінде қою туралы ұсыныс жасады.
Облыс басшысы Майра Мұхамедқызының шығармашылығын аса жоғары бағалайтынын және Қазақстанның алғашқы мәдени астанасы Қызылорда қаласында сахналық өнерді одан әрі дамытуға арналған игі бастамаларды әрқашан қолдайтынын жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<