Оқ ату Президент бұйрығынан бұрын басталды – Бас прокурор

2258

0

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасында шабуылдаушыларға қандай жағдайда оқ атылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терроршыларды ескертусіз атып өлтіруге бұйрық берді.

Оқ ату Президент бұйрығынан бұрын басталды – Бас прокурор
Фото: Pavel Mikheyev/REUTERS

«Құрметті депутаттар! Шабуылдаушыларға оқ ату Президенттің әйгілі мәлімдемесінен бұрын басталды. Бұл заң нормалары арқылы реттелген. Осы тұста күштік құрылым қызметкерлері атыс қаруын бірінші рет Алматыдағы Президент Резиденциясын қорғау кезінде – 5 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында қолданғанына ерекше назар аударғым келеді. Одан соң полиция мен әкімдіктер ғимараттарына және басқа да объектілерге шабуыл жасалғанда, яғни тәртіпсіздіктер күш көрсету сатысына өткен кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару қолданған», – деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Кейін қалаларды қарулы содырлардан «тазалау» кезінде қару қолданылды.

«Демек, шабуылдаушыларға қарсы оқ ату Президенттің белгілі мәлімдемесінен едәуір бұрын болған. Бұл жағдай туралы барлық дискуссия қоғамдық пікірді әдейі басқа бағытқа бұруда. Іс жүзінде, қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес. Бұл туралы: құқық қорғау қызметі туралы; Ұлттық гвардия туралы; терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарда тікелей нормалар бар. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда шабуылды тойтару үшін атыс қаруын қолдануға мүмкіндік береді. Дәл сондай қатерлі жағдай 5 қаңтар күні болып, 8 қаңтарға дейін, яғни жағдай тұрақталғанға дейін жалғасты», – деді Берік Асылов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<