Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы

2263

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданында «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» атты облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты – кітапхана ісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жас ұрпақты кітап оқуға тарту, кәсіби іс-тәжірибелермен алмасу.

Семинарға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары және аудан кітапханашылары қатысты.

Семинарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары А.Жанғабылова ашып, «Кітапханалар – ақпарат және шығармашылық орталығы»атты баяндама жасады.

Кітапхана қызметкерлері «Кітапханадағы жобалар – оқырман тартудың жаңа мүмкіндіктері», «Заманауи кітапхана. Креативті маман. Жаңа Қазақстан», «Кітапхана ақпарат орталығы ретінде: дәстүрлі құндылықтар, инновациялық тәжірибелер»,«Рухани құндылықтарды насихаттаудағы кітапхананың рөлі», Кітапхана – жастар үшін мүмкіндіктер кеңістігі», «Жастарды кітап оқуға ынталандырудағы көпшілік шаралар» тақырыбында ой бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Семинарға қатысушылар «Жалаңтөс батыр» ауылдық кітапханасының озық іс-тәжірибелерімен танысты. Шара соңы Қазалы ауданының кітапхана қызметкерлері дайындаған «Бірлік пен бақыт арнасы, Қазалының кітапханасы» әдеби кешке ұласты.

Кәсіби басқосулар мамандарға озық тәжірибелермен танысуға, креативті жобаларды жүзеге асыруға, кітапхана ісін дамытуда жаңа идеяларды талқылауға, өзара әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<