Оқу-ағарту министрі алғашқы ұстазына құрмет көрсетті

878

0

Оқу-ағарту министрінің Жаңақорған және Шиелі аудандарының зерттеуші, шеберлерімен кездесуінде білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шараға екі жүзге жуық қатысушы келді. Олар пікір алысып, еліміздің бас педагогіне сұрақтар қойып, жауап алды деп хабарлайды  turkystan.kz qyzylordanews-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтерді оқыту және аттестаттау, арнайы білім беруді дамыту, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Министр барлық ұсынысты тыңдап, басым міндеттерді белгіледі.

«Министрлік мұғалімдерді аттестаттау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Портфолио қалыптастыру процесі қайта қаралады. Болашақта мұғалімдердің жетістігі оқушының жетістігімен бағалануы керек. Еліміздің жетекші педагогтері — шеберлер мен зерттеушілер жас мамандар үшін үлгі болуы тиіс»,— деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында 23 мыңнан астам педагог бар, олардың төрт мыңнан астамы – зерттеуші болса, 27-сі шебер.

Оқу-ағарту министрі сапар барысында бірқатар оқу орынына арнайы барып,  мектептегі тамақтануды, дабыл түймелері мен жедел іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды тексерді. Олардың қатарында «Талдысу» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы, Шиелі ауданының №110 мектеп лицейі және Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебі бар.

Сонымен қатар министр алғашқы ұстазына арнайы барып, құрмет көрсетіп, Ы.Алтынсарин атындағы медальді табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<