Оқу-ағарту министрлігі: отбасылардан бала тартып алу туралы ақпарат – жалған

491

0

Фото: Яндекс

Отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп мәлім деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген екі заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алып қоюына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпарат таратылуда.

«Отбасылардан балаларды тартып алуға қатысты барлық ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ондағы мәліметтерге қарағанда, қаралып отырған және Мәжілістегі басқа да заң жобаларында балаларды отбасылардан тартып алынуына қатысты бірде-бір норма жоқ.

Мемлекеттік саясат: баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге және балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған.

Мемлекет үнемі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шаралар қабылдап келеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, құрылған психологиялық және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмектер көрсетілуде.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің міндеті – әр баланың барынша туған отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде оның құқықтарын қорғау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және нақты қауіп туындаған кезде ғана жүзеге асырылады.

«Бүгінгі таңда ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 82-бабының шеңберінде уәкілетті органдар (қорғаншылық және қамқоршылық органдары) баланың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде баланы балалар ұйымына, яғни балаларды қолдау орталығына уақытша жіберу туралы шаралар қолдануға құқылы. Құрметті ата-аналар! Сіздерден ақпаратты тек расталған, ресми көздерден алуды сұраймыз», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<