Оқу-жаттығу жиыны өтті

548

0

Экономикалық дамудың нарықтық моделіне көшу, мемлекеттік басқару жүйесін терең реформалау, жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің туындауы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінен тұрақты дайындықты талап етеді.

Осы ретте Қармақшы ауданына қарасты Диірментөбе елді мекенінде «Зымыран-2023» республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға жедел ден қою, азаматтық қорғаныс күштері мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құрылымдарының дайын­дығын тексеру мақсатында ұйым­дастырылған  оқу-жаттығу жұ­мыс­­тарына облыс әкімінің орын­басары, ҚР Президентінің «Бай­қоңыр» ке­шеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, ҚР Төтенше жағ­дайлар вице-министрі, генерал-ма­йор Ерлан Нұрпейісов, Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек қатысты.

Оқу-жаттығу жиынында облыс­тық құтқару бөлімшелері мен аза­маттық қорғаныс қызметтерінің, Ресей Төтенше жағдайлар ми­нистр­лігінің №70 Федералдық өртке қарсы қызметінің арнайы басқарма қызметкерлері зымыран тасығыштың апатқа ұшырауы зар­даптарын жою кезіндегі іс-қи­мылдардың практикалық жұмысын көрсетті.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<