Оқушы қыздар арасында төбелес болды

1437

0

фото: 24tv.ua

Желіде тағы бір қыздар арасындағы төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы Павлодардағы Песчан балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында да зорлық-зомбылық бар екенін айтты. Олар балаларды қорғауға көмек сұраған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, расында да №2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арасында ауызша кикілжің болып, арты төбелеске ұласқан.

Кезекші мұғалім мен басқа да оқушылар бірден қыздарды ажырата бастады. Төбелес кезінде кәмелетке толмағандар ешқандай жарақат алмаған. Сонымен қатар, білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізетінін, нәтижесі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қарастырылатынын хабарлаймыз, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Облыстық полиция департаменті бұл дерек Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. Полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ведомствоның мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың ақпан айында болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семейде оқушы қыздың соққыға жығылғанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<