Оқушылардың қысқы демалысы еліміз бойынша 17 қаңтарға дейін созылды.
Осы кезең аралығында мұғалімдер, әр өңірдегі жағдайға байланысты штаттық режимде немесе қашықтан оқу форматында жұмысын атқарады. Ал колледж және жоғары оқу орындарының студенттері 24 қаңтарға дейін демалады. Кейіннен әр оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес екінші семестр жалғасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Қаринова мәлімдеді. Ол балабақшалардың жұмысына да тоқталып өтті.
– Мектепке дейінгі мекемелер, балабақшалар, бүгінде штаттық режимде жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әр өңірдегі нақты жағдайға және жергілікті атқару органдарының шешімдеріне байланысты балабақшалар балаларды қабылдауды жүргізеді, – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<