Оқушылар сарайының педагогтеріне шеберлік сағаты өтті

133

0

Педагогтерді курстан кейінгі қолдау, оқыту мен оқу үдерісін табысты жоспарлауда педагогтердің жеке дамуын зерттеу, әдістемелік көмек беру, кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері – білім саласындағы басым бағыттардың бірі. Ал мұғалімнің кәсіби дамуы – білім сапасына оң әсер етуші фактор. Оның кәсіби құзыреттілігі жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Серік Құсейінов әдістемелік күн аясында Оқушылар сарайының педагогтеріне «Авторлық бағдарлама» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сынып барысында Серік Әбсадықұлы педагогтерге тиімді сабақ жоспарлау, әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар дайындау, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беріп, нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру жолдары бойынша әдістемелік түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шеберлік сыныптың қорытынды бөлігінде педагогтер сұрақтарына тренерден мазмұнды жауап алды.

Оқушылар сарайы педагогтерінің теориялық білімін, практикалық дағдыларын кеңейтуге және әдістемелік көмек беруге бағытталған шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Серік Құсейінов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби

даму институтының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<