Оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды

1838

1

Наурыз думан аясында А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Атадан балаға мұра» атты облыстық қолөнер байқауының көрмесі ұйымдастырылып, шеберлердің өнімдері көптің назарына ұсынылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жас қолөнершілердің қолынан шыққан бұйымдарды көріп, жергілікті ісмерлердің туындыларын жоғары бағалады.

Оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды

Мектеп оқушылары түрлі стильдегі бейнелер негізінде әр өнімге ұлттық нақыш беруді мақсат тұтқан.

Байқауға 60-тан астам шебер қатысып, 21 қолөнерші үздік деп танылды. Бас жүлде «Бегім ай» өнер орталығындағы қолөнер үйірмесінің оқушысы Толысбай Нұрайға бұйырды.

Оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<