Оқушылармен өткен кездесу

333

0

     Көліктегі ПД Қызылорда ст. Желілік полиция бөлімнің қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 2022 жылғы 11 ақпандағы №63 бұйрығын орындау мақсатында Қызылорда қаласының №8 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына үміткерлерді шақыру болатын. Кездесу барысында оқушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің қызығы мен қиындықтары түсіндірілді. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің ең басты міндеті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатыны туралы айтылды. ҚР ІІМ академиясына іріктеу кезінде тұлғаның іскерлік, жеке және моральдік қасиеттері ескерілетіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде оқушылар ішкі істер органдарындағы қызмет туралы қызықтыратын сұрақтарын қойды.