Оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті

1193

0

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне, Балалар жылына орай қала мектептерінің 8 – 11 сынып оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті. Іс-шараны облыс әкімдігінің жəне қалалық білім, спорт бөлімдерінің қолдауымен облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырған.

Марафонға 300-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі 4 км қашықтықта жүгіруде мəре сызығына 20 минутқа жуық уақытта жетуді мақсат етті. Оқушылар тамаша нәтиже көрсетті.

Бұл балалардың дене шынықтырудағы жетістіктерін шыңдау бағытындағы жұмыстар қала мектептерінде нәтижелі жүргізіліп отырғандығын көрсетеді. Жүлделі орындар иелері дипломмен, кубокпен жəне спорт дүкенінің сертификатымен марапатталды. Марафон қатысушыларының барлығына мəреге жеткен уақыты белгіленген диплом берілді. Бұл алдағы уақытта жетістігін арттыра түсуге деген мотивация болары сөзсіз.

Аға буынға жас ұрпақ алдында құрмет көрсету патриот жастарды тəрбиелеуде маңызды. Үлгіг алып, бой түзейді. Шара барысында Қоғамдық даму басқармасының басшысы М. Қазыбекова жас ұрпаққа париоттық тəрбие беру жолында белсенді еңбек еткен бірқатар қоғамдық ұйым өкілдеріне облыс əкімінің орынбасары Қ. Нұртайдың Алғыс хатын табыс етті.

Оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті

Олардың қатарында: облыстық «Ерлік» Үйлестіру кеңесі, облыстық » Невада-Семей-Қызылорда», облыстық «Чернобыль ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, Тəжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына жəне əскери қақтығысына қатысушылардың Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі ұйымының мүшелері бар. Аталған ұйымдар Азаматтық Альянс мүшелері болып табылады. Балалар жылы Азаматтық Альянс ассоциациясымен ұйымдастырылатын ауқымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті
Оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті
Оқушылары арасында алғаш рет жүгіруден марафон өтті

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<