Қызылорда облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» биылғы 1-31 қазан аралығында 282,6 млн теңге түсті, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен биылғы 31 қазан аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 6,4 млрд теңгені құрады. Оның 6,2 млрд теңгесі (97,1%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 184,02 млн теңге (2,9%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.
Барлыбек БАТЫР.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<