Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталды

533

0

Фото: Орал қаласы әкімдігінен

Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейі көтеріліп, қауіп төнуіне байланысты Оралда саяжай тұрғындарын көшіру басталды. Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, облыс орталығында эвакуациялық пункттер үшін 8 орын анықталса, соның 5-еуі толық жасақталған. Қазіргі кезде тұрғындар эвакуациялық пункттерге орналасып жатыр. Қала маңындағы саяжайлар аумақтарында 20 мыңнан астам адам тұрады.

Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталды

Орал қаласы ТЖ басқармасының мәліметіне сәйкес, бірінші кезекте Маштаков, Ягодка, Үміткер бау-бақша серіктестігі тұрғындары эвакуацияланады. Сұрақтар туындаған жағдайда қалалық штабқа 8-711-2-24-05-70 және 8-711-2-24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады. 

Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталды

Сонымен қатар БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі су тасқынына байланысты психологтардың эвакуациялық пункттерде зардап шеккен тұрғындарға шұғыл көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

Психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында қауырт желі телефоны жұмыс істейді – 8(7112) 554088. 

Орал қаласында саяжай тұрғындарын көшіру басталды

Департаменттің соңғы мәліметі бойынша Бөрлі ауданы Аралтал ауылында 9 тұрғын үйге су кіріп, 27 адам Ақсай қаласына эвакуацияланған. Су тасқыны зардаптарын жоюға БҚО және Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамы, оған қоса жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-да мұздай су кешкен құтқарушы қашанда елмен бірге екені туралы айтты. Полицей суда қалған тұрғындарды қайықпен тасымалдағандарын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<