«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

597

0

Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Рес­публикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қыз­мет) облыстардың, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Рес­публикасы Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму минис­трі­нің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) негізінде көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Азаматтарға арнал­ған үкі­мет» мемлекеттік кор­по­ра­ция­сы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес оралман мәртебесін беру туралы өтініш пен мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өмірбаян (еркін нысанда);

2) өтініш берушіге, сондай-ақ отбасы мүшелерінің әрқайсысына (бар болса) 3×4 сантиметр екі фотосурет;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-Ө-М бұйрығымен бекітілген Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Құжаттар салыстырып тек­серу үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейін­нен құжаттардың түп­нұсқалары (өмірбаян мен фотосуреттерді қоспағанда) көр­сетілетін қызметті алушыға қай­тарылады.

Көрсетілетін қызметті алу­шы осы тармақта көзделген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алу­шыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын тіркеген күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне курьердің құжаттар топтамасын жеткізуді қамтамасыз етуі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі үшін – 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш ұсынады.

Өтініш беру мерзімі өздеріне бұдан бұрын берілген оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап 6 (алты) айдан аспауға тиіс.

Оралман мәртебесінің мер­­зімін ұзарту «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Рес­­публикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес 3 (үш) айдан аспауға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алу­­шы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Қызмет көрсетуші оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан:

1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13) тармағында бекітілген шарттарға үміткер сәйкес келмеген;

2) этникалық қазақтың орал­ман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген;

3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанының «Оралман» Деректер қоры автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы расталуы немесе Қағидалардың 28-тармағына сәйкес өтініш беру мерзімі өткен кезде бас тартады.

Туындаған сұрақтар бойынша Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ 1414 телефоны бо­йынша жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<