Қорғаушылар тапшылығы жойылғанда ғана дамыған елге айналамыз

369

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымында ағымдағы жылдың 5 маусымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар жобалары мақұлданған болатын.
Заң жобасы 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша және 2017 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат бойынша кеңестің тапсырмасына сәйкес әзірленген. Заң жобасын әзірлеу мақсаты адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіру болып табылды. 2018 жылдың 10 шілдесінде Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң халықтың әлеуметтік жағынан қоғалмаған топтарына тегін құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Заң 4 бөлімнен, 7-тараудан, 98-баптан тұрады. Заңның 1 бөлімінде негізгі ережелер, заң көмегін көрсетудің қағидаттары және түрлері, кешенді әлеуметтік заң көмегі, Үкіметтің және уәкілетті органның заң көмегін көрсету саласындағы құзіреттілігі айтылған. 2 бөлімінде «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының ережелері сақталған. 3 бөлімінде адвокаттық қызметті жетілдіру бойынша ережелер бар. Заңның  4 бөлімінде заң консультанттарының құқықтық мәртебесі және заң консультанттары палатасының қызметінің ережелері көрсетілген. Заң азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын іске асыру кезінде құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге және оның құқықтық механизімін жетілдіруге бағытталған. Заңның негізгі ережелері болып кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету және әлеуметтік  және қаржылық қиын жағдайдағы азаматтар үшін адвокаттан немесе заң кеңсесінен оның құқықтық жағдайын толық сүйемелдейтін заң көмегін алу көзделген. Мұндай көмек тараптардың келісіміне қарай ерікті және ақысыз көрсетіледі. Кіру жарнасын алып тастау адвокат кәсібіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, адвокаттың кәсібіне және бәсекелестікті көтереді және адвокаттар санының көбеуіне алып келері сөзсіз.
Дамыған 30 елдің қатарына енудің бірден бір жолы – елімізде қорғаушылар санын көбейтіп, олардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне барынша жағдай жасау деп білемін.
М.Бисембаев,
Қызылорда қалалық Әділет басқармасының басшысы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<