Ормандарды өрттен сақтайық!

868

0

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 7 173 040 гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқаптар 3 817 492 га. Осы орманды алқаптардың 51 754 гектары өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады. Бұл негізінен Сырдария өзені жағалауындағы тоғайлық алқаптар болып табылады.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 31.03.2022 жылғы «2022 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы» № 17-5-6/37-нқ бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде өрт қауіпі бар маусым 2022 жылдың 24 наурызынан болып белгіленген.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, үстіміздегі жылдың 9-19 наурызы аралығында облыс көлеміндегі барлық орман иеленушілердің 2022 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындығына тексеріс жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен орман иеленушілерге 9 Ұйғарым беріліп, өрт қаупі бар маусымға дайындық дәрежелері нақтыланды. Нәтижесінде облыс көлеміндегі орман иеленушілердің өрт қаупі бар маусымға дайындығы орташа деңгейді құрады.

Орман өрттері негізінен, найзағай оттарынан, күннің күрт ысуы салдарынан орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіске дайындық кезеңдерінде егіс алқаптарын отпен тазарту, шабындықтарды өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан;

-жекелеген тұрғындардың табиғат аясында демалысы кезеңдерінде, аңшылар мен балықшылардың пайдаланған алауларын толық өшірмей кетуінен;

-темекі тұқылын сөндірмей тастау салдарынан орын алады.

Осы орайда облыс көлеміндегі шаруашылық субъектілері мен шаруа, фермер қожалықтарынан, жеке тұрғындардан:

  1. Егін алқаптары мен егістік жерлерді, каналдар мен арықтарды  шөптесін өсімдіктерді тазарту кезінде отқа абай болып, оны қатаң бақылауда ұстауды;
  2. Егін алқаптары мен егістік жерлерді, каналдар мен арықтарды  шөптесін өсімдіктерді тазарту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтай отырып, шөптесін өсімдіктер қалдықтарын ауа-райының тынық, желсіз күндері жүргізуді;
  3. Табиғат аясында демалыс кезінде алауларды бақылаусыз қалдырмауды, оны демалыс аяқталған соң мұқият сөндіруді;
  4. Орманды алқаптарда өрт оқиғалары орын алған жағдайда шұғыл түрде Өртке қарсы қызметтің «101», Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 8(7242)23-19-61 және жергілікті жерлердегі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман күтушілеріне хабарлауды сұрамыз.

А.Жолаканов,

Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясының

бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<