«Орта білім саласындағы заманауи проблемалар» атты ғылыми-тәжірибелік семинар

287

0

Торқалы 90 жылдық тарихында талай тағдырлы кезеңдердің, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің куәсі болған әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті бүгінде халықаралық байланыстары нығайған университет ретінде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын айқындап, еліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық межені сақтап келеді.

Химия және химиялық технологиялар факультеті өзінің көпжылдық тарихында педагогикалық қызметке деген құндылық қатынасын ешқашан жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Әрі педагогтардың соңғы буынының негізгі міндетін жақсы түсініп, терең сезіне отырып, өздерінің педагогикалық қызметінің мәнін жандандырып қана қоймай, үлкен жеке және кәсіби әлеуетке ие барлық салалар үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Білімалушылардың жаңа да жас ұрпағын қалыптастыру жолында аянбай еңбек ете береді.

Университетіміздің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім беру аясында химияны оқытудың заманауипроблемаларына арналған әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы орта білім беру мекемелерінің химия пәні мұғалімдеріне «Орта білім беру саласындағы заманауи проблемалары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қаланың 60-тан аса мектебінен мұғалімдер келді.

«QazBilim Group» компаниялар тобының басқарма төрағасы-Аятжан Ахметжан, ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің мүшесі, Болашақ бағдарламасының түлегі, Қазақстанның 100 жаңа есімі бағдарламасының финалисті-Диас Тастанбеков, Алматы қаласы «Болашақ» ассоциациясының директоры-Аукенова Арайлым қатысушыларға семинар өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

А.А.Батырбаева,

А.К.Жусупова,

Р.Н.Ажигулова

физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасы оқытушылары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<