Кеше ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың орта бизнес өкілдерімен өткізген кездесуінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды.
VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы елімізге экономиканы дамыту жолында өздеріне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет екенін айтқан болатын. Осы ретте Үкімет басшысы: «Орта бизнестен зор үміт күтіп отырмыз. Ол бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және кең ауқымды қызмет көрсететін өңдеуші сектордың қозғаушы күшіне әрі драйверіне айналуы тиіс» деп атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнім көлемін ұлғайту, импортты алмастыру және жаңа өндіріс орындарын дамыту, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сертификаттау, индустриялық аймақтар мен индустриялық парктерді дамыту, инновацияларды енгізу, экспорт, жұмыс орындарын құру, кадр даярлау және тағы басқа мәселелер талқыланды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<