Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласына жұмыс сапары аясында №277 мектеп-лицейіне барып, қазақстандық білім беру ұйымдарының басшылары және жас педагогтармен кездесіп, саладағы ортақ мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, өнертапқыш балалардың жобаларымен танысып, олардың қолөнер бұйымдарын көрді.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов Байқоңыр қаласының білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, қазақстандық РФ-ға қарасты мектептердегі оқушыларға «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту мәселесін екіжақты Үкіметаралық комиссиясы пысықтап жатқанын тілге тиек етті.
Облыс басшысы мектептердегі орын жетіспеушілігін болдырмау, жеке инвесторлар арқылы балабақшалар салу мәселесін қарап, ұсыныс беруді тапсырды. Бұл ретте, Байқоңырда балабақша салуға ынталы кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін баса айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<