Ортақ мәселелер талқыланды

436

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл  Рустам Жүрсіновпен кездесті.

Басқосуда уәкіл Сыр еліндегі кәсіпкерлермен кездесу барысында қозғалған мәселелерді жеткізіп, бизнес иелерінің ортақ мәселелері бойынша пікір алмасты.

Аймақ басшысы өңірдегі шағын және орта бизнес саласын дамытуға мүдделі кәсіпкерлерді қорғау жұмыстары әрдайым назарда екенін тілге тиек етіп, өңірде проблемалық мәселелер туындамайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров кәсіпкерлерді жеке мәселелерімен қабылдап, сауалдарына жауап берді және құқық қорғау органы басшыларымен кездесті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<