17-18 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қызылорда облысына жұмыс сапары болады.
Сапар барысында ү.ж. 17 ақпанда сағат 11.00-де Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің сайлау комиссияларының мүшелерімен, саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі өтеді.
Аталған іс-шараға БАҚ аккредитациялау 2022 жылғы 16 ақпан сағат 19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) +7 707 290 50 58; +7 (7242) 60 54 36 телефондары бойынша жүргізіледі.
Кездесудің өтетін орны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 44 а, Нартай Бекежанов атындағы Облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<