Отандық автокөлікпен тасымалдаушылар саны артты

336

0

24 сәуірде Алматыда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес өкілдерінің қатысуымен ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының жалпы жиналысы өтті.
Кездесу барысында ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының Бас хатшысы Теодор Каплан 2017 жылы белгіленген мақсат пен міндеттердің жүзеге асырылу, ҚР көлік-логистикалық саласын дамыту, автокөлік саласындағы түйткілді мәселелер мен олардың шешілу жолдары туралы баяндады.
«Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалдаушылары 2017 жылы оң нәтижеге жетті. Қазақстан бойынша тасымалдау көлемі 13%-ға артты, отандық операторлар орындайтын тасымалдау көлемі 28,1%-ға ұлғайды, ал үшінші елдердің тасымалдаушыларының көрсеткіші 2,3%-ға кеміді. Отандық операторлардың салыстырмалы салмағы халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының жалпы көлемінде 52,6%-ға жетті, 2016 жылы 46,4% болған. Үшінші мемлекеттен шетелдік тасымалдаушылар көрсеткіші 5,3%-ға төмендеген», – деп ақпарат берді Теодор Каплан.
Бұл көрсеткіштер ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі.
ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының бас хатшысы автокөлік құралдарының сапасы жақсарғанын: Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық класындағы автокөліктің салыстырмалы салмағы қозғалмалы құрамның жалпы паркінен 54,1%-ға жетті.
«Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры – Басқарушы директоры Рустан Дженалинов көлік-логистикалық салада бизнес жүргізуді жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді азайту, ҚР Ұлттық заңнамасындағы адал бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесе атқарған жұмысқа ҚР халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының  тікелей қатысқанын атап өтті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгертулер шеңберінде 2018 жылдың қаңтарында шетелдік жүргізушілердің Қазақстанның рұқсат беру жүйесін бұзғаны үшін жауапкершілігін арттырған – рұқсат бланкісіз жүргені үшін 25-тен 200 АЕК-ке дейн айыппұл, шетелдік тасымалдаушылар үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің көлік бақылауының бұрын уәкілетті органының  бұзушылық туралы хабарламасын орындамағаны үшін –100 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленген», – деді Рустан Дженалинов.
Сонымен қатар, алыс қашықтыққа тасымалдау кезінде тауарлар ауыстырылып жатады және осьтік параметрлер асып кетуі мүмкіндігін ескере отырып, жүк тасымалдаушылар автокөлік құралдарының салмақ параметрлерін 1 тоннаға дейін жоғарылату үшін жауапкершіліктен босатылды.  
«Осы ретте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Жобалық басқару шеңберінде қызмет мерзімі 5-7 жылды құрайтын АТС-ға бастапқы тіркеу ставкасын 2500 АЕК-тен 400-АЕК-ке дейін төмендету арқылы жүк көліктері паркін жаңарту мәселесі ашық күйінде қалып отыр», – деді ҰКП өкілі.
Жиын барысында қатысушылар көліктік бақылау, транзиттік және санкциялық жүк тасымалдары, сонымен қатар Ресей Федарациясы территориясы арқылыTIR Carnet (МДП) жүйесін қолдану мәселесін шешуге назар аударды.
 Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Гилимов шетелдік автожүргізушілерге көліктік бақылау жүргізу, сонымен көлік бойынша әкімшілік кедергілерді азайту шаралары жайында хабарлады.
«Қазақстан-Қытай шекарасында пилоттық режимде тасымалдарға рұқсат берудің электрондық жүйесін енгізу жоспарлануда, бұл мүмкіндік арқылы рұқсат беруде ашықтық болады. Осылайша бұл жүйе көлік бақылау органында алып сатарлық пен сыбайлас жемқорлықты азайтады», – деді Самат Гилимов.
«Eurasia Trans Team» ЖШС Бас директоры Саид Рахимов бір қатар мәселелерді көтерді, атап айтқанда Қытайдың тек бүтін металдан жасалған шанақтарды қолдану бойынша шектеу стандарттары, тиісті көлік бақылауының болмауы, сонымен қатар тасымалдарға рұқсат беретін бланктарды бөлудегі қиындықтар.
«Бекқожин» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Сабыр Бекқожин жүк тасымалдарының тиімділігі мәселесіне назар аударды.
«Нарығымызды шетелдік тасымалдаушылары демпингінен қорғау керек, бұл ресейлік, белорустық тасымалдаушылар. Олар Алматы мен Мәскеу бағытындағы фрахт құнын 800 АҚШ долларына дейін төмендетеді, ал бұл жағдай отандық тасымалдаушыларды шығынға батырады», – деді ол.
Жиын барысында «Alsan Trans» ЖШС директоры Сергей Репкиннің Латвия-Ресей шекарасындағы жағдайдың жай-күйі, атап айтқанда «Пяталово» өтпелі кезеңі туралы айтқан ақпараты да тындалды.
 «Ол жердегі кеден қызметтер бізді шын мәнінде қинайды, жүкті тексеру құны – 25 мың рубль және тексеру 2-4 күнге созылады.Бізде тасымалдаудың сау нарығы қашан болады?! Түсініксіз», – деді Сергей Репкин.
Жиында басқа да тасымалдаушылар мәселелерді айтып, оларды заңнама шеңберінде шешу туралы бастама көтерді.
Отырыс қорытындысы бойынша көліктің қызмет көрсету нарығында отандық операторлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шетелдік тасымалдаушыларға көліктік бақылау талаптарын күшейту, тас жолдар сапасын сақтау үшін қолданыстағы заңнамаға «бөлінбейтін жүк» нормасын енгізу, әкімшіілк кедергілерді азайтуға жол ашатын ЕАЭО территориясында МДП Конвенциясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<