Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес зияткерлік меншік саласын қорғау және сақтаудағы отандық өнім тауарларын дараландырудың бірден бір тәсілі тауар шығарылған жерлердің атаулары болып табылады.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, тауар шығарылған жерлердің атаулары – ол елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі.
Тауар шығарылған жерлердің атаулары белгілі бір аумақты кеңінен дамытуға және туристтік саланың дамуына ықпал ететін зияткерлік меншік объектілері болып саналады.
Қазақстанның әрбір аумағы сол аймаққа байланысты өзінің табиғи байлығымен тауар шығару дәстүрімен ерекшеленеді.
Мысалы Ұлттық тауар шығарылған жерлердің атауларына: «Сарыағаш» минералды суы, «Көкшетау» балмұздағы, «Шұбаркөл» көмірі, «Лепсинский» балы, «Арал тұз» ас тұзы, «Қазалы» кәмпиті және т.б объектілер жатады.
Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тауар шығарылған жерлердің атаулары тіркеуге қатысты мәселелерге қызығушылық танытқан тұлғалар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3Б ғимаратыда орналасқан «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының +7 (7172) 62-15-15, 62-15-16, 62-15-19 телефондарына және kazpatent@kazpatent.kz электрондық мекенжайына хабарласып, қажетті мәліметтер алуға болады.
Н.Бодыбаев,
Қызылорда қалалық 2ділет басқармасы басшысының орынбасары,
ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<