Кешегі өткен бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге аманаттап кеткен кең байтақ далам бар. Бұл дала қойнауы – қазақтың, оны мекендеген жүздеген ұлттың бақытына жазылған құтты мекеніне бақыт мекеніне айналып отыр. Олай дейтінім әр адамның арман-тілегі, қалауы орындалып, білім алып, өсіп-өніп өркендеуіне жағдай жасалған. Қазақстан – дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, әлем мойындаған ел. Бірліктің аясына сыйысып, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылығы сақталған.
Осы күнге жету жолында талай тарихи зобалаң шақты бастан кешірсе де мойымаған. Біз үшін туған жерді қадір тұту – қанға сіңген мінез, қалыптасқан дәстүр.
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егемен Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері – Туы, Әнұраны мен Елтаңбасы, төл теңгесі бар, Астанасы бар.
Тәуелсіздік алған соң Біріккен Ұлттар ұйымы, Еуропадығы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастыққа мүше болып, дүниежүзі елдерімен тығыз байланыс орнатылған.
Мемлекетіміз теңдесі жоқ ұлттық мәдениетіміз арқылы да әлемге танылды. Саяси-экономикалық саладағы жетістіктеріміз өз алдына бір төбе. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды,өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді,халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа жол салды. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің, мәдениеті мен өнері дамыған мемлекеттің келешегі кемел, болашағы әрдайым жарқын болмақ.Тәуелсіз қазақ елінің осындай биік белестерден көрінуі – ата-баба аманатының жемісті жеңісі.
Гүлшырай АЯПОВА,
С.Ысқақов атындағы құрылыс және
бизнес колледжінің өндірістік оқыту шебері
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<