Отау құрған жастарға неке куәлігі табысталды

385

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген.

Қазақта қарашаңырақ киелі ұғым болғандықтан, халқымыз шаңырақты әрдайым қастерлеп өткен. Себебі, осы шаңырақ арқылы ұлтымыздың тамыры тереңге жайылып, ынтымағымыз берік сақталды.

Шаңырақ күнінде отбасы құндылықтары кеңінен дәріптелуде.

Бүгінгі «Шаңырақ» күнінде аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары отау құрған жас жұбайларға неке қию туралы куәлік табыстады. Шаңырақ құрған жас отбасылар бақытты болсын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<