Зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, ипотека өтелгеннен кейін бес жыл ішінде тұрғын үйді сатуға шектеуді «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
«Бес жылдық шектеу тек өтеу мерзімі бес жылдан асатын және өтелмеген қарызы бар тұрғын үй ипотекалық несиелеріне қолданылады. Сондықтан, сіздің ипотекаңыз аяқталған кезде банктік несие шартына мұқият қарауыңыз керек», – деді Ләззат Ибрагимова онлайн брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
2021 жылы 23 қаңтарда «Отбасы Банк тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор онлайн платформасын іске қосты.
Сонымен қатар Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын ипотеканы пайдаланбай тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану мүмкіндіктерін тізіп берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<