«Отбасы банкінің» кеңес беру орталығы ашылды

699

0

Бүгін Арал қаласынан аймақтағы аудандар арасында алғашқы боп «Отбасы банкінің» кеңес беру орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып:-«Еліміз үшін әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – азаматтардың қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі. Ендігі кезекте халық үшін тұрғын үй рәсімдеуді өз қаламыздан да жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр. Жаңа орталық аралдықтар үшін сапалы қызмет көрсетіп, жерлестерімізді жаңа баспанамен қуанта береді деген сеніммен, алдағы жұмысына сәттілік тілеймін.»-деп ізгі лебізін білдірді.

Одан соң қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Танымбетов тұрғындар үшін баспана алудың қолжетімді тұстарына тоқталып, орталықтың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді.

Атап өтейік, соңғы 5 жылда 500-ге жуық жерлесіміз «Отбасы банкі» арқылы еліміздің өзге қалаларынан баспана алған. Ал қазіргі уақытта 5 жарым мыңға жуық аралдық салымшы бар.

Ендігі кезекте аудан тұрғындары мемлекеттік және ипотекалық бағдарламалармен жаңа баспана алу үшін осы орталыққа жүгінетін болады. Мұнда депозит ашу, несие рәсімдеу, кеңес беру, сүйемелдеу сынды қызмет түрлері көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<