Отбасы бақыт ошағы болуы керек

397

0

«Зорлық-зомбылықсыз әлем» акциясы аясында Жосалы кентінің №26, №27, №30, №105, №121, №250 мектептерінің 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері А.Касимова, білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» маманы Д.Құлмырзаева, аудандық емхананың нарколог-дәрігері А.Ысқақ және жас ерікті Р.Бахытжан қатысты.

Кездесуде жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мағлұматтар беріліп, отбасындағы жасөсіпірімдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және темекі шегудің зияндылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оған қоса мектеп оқушыларының арнайы осы тақырыпқа дайындалған видео-роликтері, қойылымдары назарға ұсынылды.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу өзекті болып отыр. Балаларға да ата-ана арасындағы кикілжіңнің ушығып кетпеуіне жол бермеу керектігі айтылды. Отбасындағы қарым-қатынас әйелге де, балаға да әсер етеді. Шаңырақ шаттыққа толып ұйып отруы үшін ерлі-зайыптылар арасында ауызбіршілік, түсіністік болғаны жөн. Өкінішке орай тұрмыстық тапшылыққа, ішімдік салдарынан бір-бірін сыйлау азайып, ұрыс-керіс көбейген отбасылар бар. Дау-дамай кезінде әйел қорлық көрсе, бала психологиялық жарақат алады. Ересектер жауапкершілікті сезінуі керек, – деді А.Касимова ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан өздерін толғандырған сұрақтар қойылып, арнайы дайындалған жадынамалар-бетшелер таратылып кері байланыс орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<