«Отбасы орталығында» ұлттық киімдер дефилесі ұйымдастырылады

437

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Наурызнаманың бұл күні – «Ұлттық киім күні» деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық.

Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көрсетілімі халық назарына ұсынылып, барлығы бір күнде ұлттық киім киеді.

Айтулы күні қаладағы «Анаға тағзым» орталығында «Этно FASHION» ұлттық киімдерінің сән үлгісі фестивалі көрсетілсе, «Отбасы орталығында» ұлттық киімдер дефилесі ұйымдастырылады.

Осы күні қала және барлық аудандарда түрлі форматтағы іс шаралар ұйымдастырылады.

Әлеуметтік желілерде ұлттық сәнді дәріптеу мақсатында «Ұлттық киім күні» тақырыптық челленджі өтеді. Аталған челленджге Сіздерді де қатысуға шақырамыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<