Бүгін «Наурызнама» онкүндігі бойынша «Шаңырақ күні». Осыған орай, Р.Бағланова атындағы аудандық Мәдениет орталығында «Алтын шаңырақ, күміс кереге» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу барысында отау құрғандарына 50 және 25 жылдан асқан өнегелі отбасыларымен сүбелі сұхбат өрбіді.
Сұхбат барысында Алтын той иелері Бектібай мен Райкүл Жеткергеновтер және Күміс той иелері Айберген мен Гүлмира Мұқановтар бүгінгі жастарға арнап, өздерінің ақыл кеңестерін айтып, отбасы құндылықтары жайында сөз қозғады.
Шара барысында аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік кездесу кешін одан әрі қыздыра түсті.
Шара соңында шаңырақ құрғандарына 50 жыл болған Бектібай аға мен Райкүл апа бүгінгі жастарға ақ батасын беріп, елімізге бақ-береке тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<