«Отбасылық сот» жобасының тиімділігі неде?

979

0

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының енгізілуіне, еліміздегі неке бұзулардың санының көбеюі, отбасы құндылығының төмендеуі негіз болған. Пилоттық жобаның мақсаты – отбасылық дауларды азайту және отбасын сақтап қалу, оның мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында тәрбиеленуі болып табылады. Қазіргі таңда бұл пилоттық жобаға арнайы тағайындалған татуластырушы – судьялар, сотқа арызданған тараптар қатысуда.  Жоба аясында некесін бұзуға бел буған отбасылармен аудан әкімшілігінде құрылған арнайы топ жұмыс жасайды. Бұл топқа мамандар (Психолог, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелердің өкілдері және т.б.) кіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген соңғы өзгерістеріне сәйкес, судья отбасылық қарым қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою арыздарды өндірісіне қабылдамастан, 10 жұмыс күн ішінде тараптармен жұмыс жасап іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылдағанша, татуластыру рәсімдерін жүргізеді. Десек те, ажырасып жатқан адамдардың саны аз емес. Менің ойымша, бұндай санаттағы істер бойынша міндетті түрде сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу тәртібін енгізу қажет. Мысалы, тараптар неке бұзу туралы арызын алдымен арнайы құрылған топқа береді, ол топ олармен тиісті жұмыстарын жүргізіп, оларға татуласу үшін мерзім береді. Егер тараптар татуласпаса, онда сотқа талап қою арызын береді. Сот, талап қою арызды, бұл тәртіп сақталмаса, өндіріске қабылдамайды.

Бүгінгі күнде отбасын сақтап қалу бойынша жұмыстар тек бір жақты, яғни соттармен ғана жүргізіліп жатыр. Мен отбасын құрған адамдарды отбасылық этикетке, отбасылық жоспарлауға үйрету қажет деген пікірдемін. Яғни бұл жұмысты басқа мемлекеттік мекемелер де қолға алу қажет.

                                                                                                                                                             А.Р.Жиенбаева,

істері жөніндегі мамандандырылған  

Қызылорда облысының кәмілетке толмағандардың

     ауданаралық сотының жетекші маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<