ОТБАСЫМ – МЕНІҢ ТІРЕГІМ

567

0

 

ҚР Жоғарғы СотыныңТөрағасы Ж.К.Асановтың бастамасымен сот жүйесінде жеті түйін пилоттық жобалары іске асырылуда. 

 Олар:«Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Татуласу: сотқа дейін­гі,сотта», «Сапалы нәтиже», «Оңтайлы орта», «Е-Сот» (виртуалды сот).

Үлгілі сот пилоттық жобасы бойынша қазір қарқынды жұмыстар қолға алынып жатыр. «Мінсіз судья» болу – жекенің ісі болса, «Үлгілі сот» қалыптастыру – жалпыға ортақмақсат. Ұжымда бірлік, ынтымақ болған жерде ғана «Үлгілі сот» атануға мүмкіндікбар. Себебі, сот ғимаратының хал-ахуалына, материалдық жағдайына көрсетілетін қызмет сапасына, тұтынушыларға ұсы­­­нылатын қызметтердің қолжетім­ді­лігіне қарап, сот жұмысына баға беріледі. Қазіргі кезде Астана мен Алматыда пилоттықжоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл соттардағы күту залдарының өзі ерекше жасақталған. Жиһаздың қойылуының өзінде еркін­дік бар. Ал, сот ғимаратыныңтабал­дырығын аттағанда әдемі әуенді құлағы шалған азаматтардың жайлы ортадапсихологиялық күйзелістің бәрін ұмытатыны күмәнсіз. Сонымен қатар, сот залынаөтпес бұрын азаматтардың психолог, медиатор, заңгерлердің кеңесін тыңдауына мүмкіндік жасалуы отандық соттардың өркениетке бір табан жақындағанын көрсетсекерек. 

Қазіргі таңда Жоғарғы Сот «От­басылық сот» пилоттық жобасын да іске асыруда. 

Аталған жобаның негізгі мақсаты отбасылық ажырасулардың санын, яғни қоғамдағыдауласушылықты азайту, ерлі-зайыптылардың татуласуына септігін тигізу болыптабылады. 

Ажырасуға тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адал болмауы, олардыңбіреуінің алкогольге, есірткіге және басқа да тәуелділігі (ойынқұмарлығы),үнемі жанжалдасу және өзара түсінушіліктің жоқтығы себеп болып отыр.

«Отбасылықсоттар» әлеуеті, сөз жоқ, өте жоғары. Бұл туралы судьялар, медиаторлар ментүрлі сарапшылар болып өткен кездесулер мен «дөңгелек үстелдерде» тілге тиекетіп келеді. 

Қызылордақаласының маманданды­рылған әкімшілік сотына 2018 жылы отбасы-тұрмыстыққатынастар аясын­дағы құқыққа қарсы әрекеттер, яғни, Қазақстан Республикасыныңәкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (одан әрі – ҚР ӘҚБтК) 73-бабындакөзделген құқық бұзушылықтар бойынша барлығы 569 әкімшілік іс келіп түсіп, оныңішінде 345 іс құқық бұзушының жәбірленушімен келісімге келуіне бай­ланысты медиация тәртібімен қыс­қартылған. 

Аталғансанаттағы әкімшілік істер негізінен ерлі-зайыптылардың бір-бірімен жанжалдасып,қол жұмсап отбасы аясында орын алған келеңсіз жағдайларды құрайды. 

Осыныңішінде көбінесе әйел адамы жәбірленуші болып келеді, себебі күйеуі көп жағдайдаалкоголь ішімдіктерін ішіп, өз отбасының шыр­қын бұзып, жұбайына қол жұмсауфактілері әлі де болса орын алуда. 

«Отбасылық сот» пилоттық жобасы әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою,әйелдердің құқықтары бұзылуымен күресудің бірден-бір құралы ретінде өз көмегінберетіндігі айқын. 

 

Олжас ӘБДУХАЛЫҚОВ,

Қызылорда қалалық мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<