Отын қорының көлемі талаптарға сай

352

0

Отын қорының көлемі талаптарға сай Жаңа жылдық мерекеге орай «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК энергия өндіруші ұйымы Қызылорда қаласында жылу энергиясын тұтынушыларды орталықтандырылған энергиямен жабдықтауды белгіленген тәртіпте жүргізіп, су температурасы бойынша ±3% аспайтын деңгейде электр станциясының бас қақпасының артына берілген режимнен ауытқуды қамтамасыз етті. Нәтижесінде жылу желілеріндегі желілік судың бекітілген температуралық кестесі сақталды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын тұтынушылар энергия көздерінен – ЖЭО (жылу электр орталығы), Оңтүстік қазандықтан, «Белкөл» қазандығынан, АБМК №1,2,3,4,8,9,10,11,12,13,14,15,16 жылумен қамтамасыз етілді.
ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті 6 қаңтарда сыртқы ауаның орташа температурасы -2 градус болғанда жылу желісіне су беру температурасы 61°С, кері су 49°С құрады. Жылу желілерінде белгіленген температуралық кесте кезінде 60 °С мен 48°С болды.
Көрсетілген барлық энергия көздеріндегі пайдаланылатын отын қорының көлемі талаптарға сәйкес келеді.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 
Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<