«Ақмешіт» музей филиалы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Ел үшін туған – Ер тұлға» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көрмені И.В. Панфилов атындағы № 5 мектептің 8 б сынып оқушылары тамашалады.
Көрменің мақсаты: Елбасының ел игілігі жолындағы ерен еңбегі, Президент күнінің маңыздылығы, жарқын болашаққа нық қадам басуына және Тәуелсіз жылдар тұсында жасаған зор еңбектеріне тоқталып, насихаттау.
Теледидар арқылы оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында бейне роликтер көрсетілді.Оқушылар көрмені бар ықыластарымен көріп, қабылдады. Көрме 10-желтоқсанға дейін жалғасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<