«Болашақ» университетінде облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен жастар арасында орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өтті.
Байқауға Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 22 талапкер қатысты.
Байқауға қатысушылардың білімін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Пернекүл Сағынтайқызы басқарған қазылар алқасы бағалады.
Нәтижесінде Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ербатыр Еспанов І орынды жеңіп алса, Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектептің 11-сынып оқушысы Индира Нұрланқызы ІІ орынға, Арал ауданындағы №83 орта мектептің 11-сынып оқушысы Мөлдір Ғалымжанқызы ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы №273 орта мектептің 11-сынып оқушысы Альмира Мирамбекова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Жансая Досымбетова және Қызылорда қаласындағы №144 орта мектептің 11-сынып оқушысы Инабат Сайпенова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<