Пәндік курстар жалғасуда

570

0

Сәуірдің екінші онкүндігінен бастап «Өрлеу» Қызылордада пәндік курстардың екінші легі басталды.

Өрлеудің курстары негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, оқытудың инновациялық әдістері мен нысандарын меңгеруге, курстан кейінгі қолдау алуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының барлық ауданында 255 педагог біліктілігін арттыруда. Пән мұғалімдеріне, аға тәлімгерлерге арналған курс тыңдаушыларының пәндік, әдістемелік құзыреттерін арттыруға қолайлы атмосфера жасалған, көшпелі тәжірибелік сабақтар үшін үздік білім беру ұйымдары таңдалды.

Педагогтер үшін пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларының мазмұнды, пайдалы болатынына сеніміміз мол.

Өрлеуді таңдаған әрбір мұғалімге нәтижелі білім, сәттілік тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<