Пәндік құзыреттілік – мұғалімнің кәсіби біліктілігін анықтайтын фактор

1487

0

«Өрлеу» Қызылордада 14 тамыздан бастап «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)» тақырыбында АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өткізіліп жатыр.
Аталған бағдарлама бойынша биыл 225 тыңдаушының біліктілігін арттыру жоспарланған. Арал, Қазалы аудандарында бұл курстар сәтті аяқталды.

Курс аясында тыңдаушылар:

  • оқу пәнінен сабақ беруде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану;
  • білім берудің жаңа талаптарына сәйкес оқыту үдерісін жобалау;
  • оқушыларға сапалы білім мен патриоттық тәрбие беру сапасын арттыру үшін сабақ барысында жаңа заманауи технологияларды қолдану дағдыларын меңгерді.
    Сонымен қатар, тыңдаушылар өз тәжірибесін басқалардың нәтижелерімен салыстыруға, әріптестерінің кеңестері мен ұсынымдарын қолдануға мүмкіндік алды. Педагогтер «Әскери робототехника негіздері. Әскери істе роботтарды қолдану» тақырыбы бойынша жоба қорғады, әскери істе қолданылатын роботтарды құрастырды, демосабақ презентациясын, заманауи көрнекіліктер мен ресурстарды пайдаланды.
    Пән мазмұнын меңгеруге және кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған Өрлеудің курстары әрбір тыңдаушымыз үшін пайдалы болады деген сенімдемін.

Азамат Жалғасбаев,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<