Пандемия желтоқсанға қарай аяқталады – ғалымдар

1124

0

Дүниежүзінде коронавирус пандемиясы биыл желтоқсан айына қарай, ал кей елдерде одан ертерек аяқталуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сингапур технология және дизайн университетінің ғалымдары мұндай болжамды инфекция тарауының математикалық моделіне сүйеніп жасаған. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, АҚШ-та COVID-19-ға байланысты жағдай қыркүйектің екінші жартысында, ал Ұлыбританияда тамыздың соңында басылуы мүмкін. Дегенмен зерттеушілер бұл мәліметтер жағдай күн сайын өзгеріп жатқандықтан нақты болмауы мүмкін екенін айтады. 

«Оқырмандар кез келген болжамды байыппен қабылдауы керек. Болжамдарға сүйеніп әрекет ету қауіпті, себебі профилактикалық шаралар жеңілдеуі мүмкін. Ал бұл науқастардың саны күрт өсуіне әкеліп соғуы мүмкін», – делінген ғалымдардың зерттеу жұмысында. 

Еске салайық, дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны бес миллионнан асты. Оның ішінде 2,2 миллион адам аурудан айығып, 343 982 адам коронавирустан қайтыс болды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<